50 минут бұрын
Елена Рыбакина US Open-де үшінші айналымға шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісті жолын жалғастырып, үшінші айналымға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
WTA рейтингінде екінші орында тұрған Рыбакина екінші айналымда әлемнің 105-ракеткасы, испаниялық Джессика Бусас Манейромен кездесіп, оны екі сетте 6:2, 6:4 есебімен жеңді.
Осылайша, қазақстандық теннисші US Open-2026 турнирінің үшінші айналымына жолдама алды.
Еске салайық, Рыбакина алғашқы кездесуінде америкалық Тея Фродинді 6:3, 6:2 есебімен жеңген болатын.
Биылғы жарыста Рыбакина чемпиондық атаққа басты үміткерлердің бірі саналады. Қазақстандық теннисші турнирде екінші нөмірмен бақ сынап жатыр. Ал бірінші нөмірлі сериялық ойыншы — әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко.
Біздің серіктес: Sport12kz