5 сағат бұрын
Рыбакина US Open-2026 турнирінің 1/8 финалына шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) АҚШ ашық чемпионатында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізіп, 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Үшінші айналымда Рыбакина әлемдік рейтингте 58-орында тұрған украиналық Юлия Стародубцевамен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласын екі сетте — 7:6 (8:6), 6:3 есебімен жеңді.
Осылайша, Рыбакина US Open-нің 1/8 финалына шығып, турнирдегі үздік нәтижесін қайталады. Ол өткен жылы да осы кезеңге дейін жеткен еді.
Еске салайық, Рыбакина US Open-2026 жарысының алғашқы айналымында америкалық Тея Фродинді 6:3, 6:2 есебімен, ал екінші кезеңде испаниялық Джессика Бусас Манейроны 6:2, 6:4 есебімен жеңген.
Біздің серіктес: Sport12kz