6 сағат бұрын
Рыбакина US Open тарихында алғаш рет ширек финалға шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) мансабында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
1/8 финалда Рыбакина әлемдік рейтингте 13-орында тұрған жапониялық Наоми Осакамен кездесіп, оны екі сетте 6:1, 6:4 есебімен жеңді.
Осылайша, қазақстандық спортшы US Open-да өз рекордын жаңартты. Бұған дейін Рыбакинаның бұл турнирдегі ең үздік нәтижесі 1/8 финал болатын.
Биылғы жарыс барысында Елена америкалық Тея Фродинді (6:3, 6:2), испаниялық Джессика Бусас Манейроны (6:2, 6:4), украиналық Юлия Стародубцеваны (7:6, 6:3) және Наоми Осаканы жеңді.
Айта кетейік, биылғы US Open турнирінің жеңімпазы 5,5 миллион АҚШ долларын иеленіп, 2000 рейтингтік ұпай алады.
Біздің серіктес: Sport12kz