6 күн бұрын

Қазақстан құрамасының Таиландқа қарсы матчқа құрамы жарияланды

Қазақстан құрамасының Таиландқа қарсы матчқа құрамы жарияланды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Таиланд құрамасына қарсы Дэвис кубогының Екінші әлемдік тобы аясындағы алдағы матчқа қатысатын Қазақстан ерлер құрамасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ұлттық құрама сапына бес теннисші енді:

Александр Шевченко

Денис Евсеев

Тимофей Скатов

Бейбіт Жұқаев

Әмір Омарханов

Қазақстан – Таиланд матчы 2026 жылғы 18–19 қыркүйекте Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының хард корттарында өтеді.

Қарсыласу бес матчтан — төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. Бірінші ойын күні, 18 қыркүйекте, екі жекелей кездесу өтеді. 19 қыркүйекте командалар жұптық матч өткізіп, одан кейін тағы екі жекелей кездесу жоспарланған.

Матчтар 18 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 13:00-де, ал 19 қыркүйекте сағат 12:00-де басталады.

Қарсыласу жеңімпазы 2027 жылғы Дэвис кубогының Бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Еске салсақ, Қазақстандық теннисші Александр Бублик Қытай өкілі Шан Цзюньчэнмен жұптасып, US Open-2026 турнирінің жұптық сайысындағы өнерін жалғастыра алмады.



Біздің серіктес: Sport12kz