6 сағат бұрын
Рыбакина бүгін әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін
9 қыркүйек күні қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының ширек финалында Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазіргі таңда WTA рейтингінде екінші орында тұрған Рыбакинаның бұл кездесуі 20:30-да басталады.
Егер қазақстандық теннисші жеңіске жетсе, турнирдегі Арина Соболенконың нәтижесіне қарамастан, әлемнің бірінші ракеткасы атанады.
Рыбакина US Open-2026 жарысында бұған дейін Тея Фродин, Джессика Бусас Манейро, Юлия Стародубцева және Наоми Осакуды жеңді.
Ал Чжэн Циньвэнь негізгі кезеңге іріктеу арқылы өтіп, қатарынан жеті кездесуде жеңіске жеткен. Оның жеңілген қарсыластарының қатарында Юлия Путинцева, Мэдисон Киз және Ига Швентек бар.
Біздің серіктес: Sport12kz