6 сағат бұрын
US Open-2026: Ерлер арасындағы жартылай финал жұптары анықталды
АҚШ ашық чемпионатында ерлер арасындағы жекелей сында жартылай финалға шыққан теннисшілердің барлығы анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жартылай финалда Германия өкілі Александр Зверев ресейлік Карен Хачановпен кездеседі. Ал америкалық теннисшілер Бен Шелтон мен Фрэнсис Тиафо өзара сынға түседі. Зверев пен Хачанов арасындағы кездесу 12 қыркүйекке жоспарланған.
Шелтон ширек финалда қазіргі чемпион Карлос Алькарасаны бес сетте жеңсе, Тиафо Алекс Микельсенді бес сетте ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Осылайша, Шелтон мен Тиафо арасындағы кездесу US Open тарихындағы алғашқы америкалық қара нәсілді ер теннисшілердің «Үлкен дулыға» турниріндегі жартылай финалдық матчы болмақ.
US Open-2026 ерлер арасындағы жекелей сында чемпион атанған теннисші 5,5 миллион АҚШ долларын және 2000 рейтингтік ұпайды иеленеді.
Біздің серіктес: Sport12kz