22 сағат бұрын
Әлемнің бірінші ракеткасы атанған Елена Рыбакинаға арнайы кубок табысталады
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атанғаны үшін арнайы кубокты иеленеді.
Рыбакина US Open-2026 турнирінің жартылай финалына шыққаннан кейін әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты. WTA-ның жаңартылған рейтингі 14 қыркүйекте жарияланады.
Осылайша 27 жастағы теннисші WTA тарихында әлемнің бірінші ракеткасы атанған 30-шы ойыншы болады. Сонымен қатар Рыбакина Қазақстаннан бұл жетістікке жеткен алғашқы теннисші атанбақ.
Рыбакинаға Chris Evert WTA World No.1 Trophy кубогы табысталады. Бұл жүлде әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілген теннисшіге арналған.
Кубок күмістен жасалған теннис добын бейнелейді. Оның бетінде әлем картасы мен жұлдызды аспан бейнеленген.
Жүлде 2015 жылдан бері америкалық теннис аңызы Крис Эверттің есімімен аталып келеді.
Айта кетейік, Крис Эверт WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы ретінде 260 апта бойы көш бастады.
Біздің серіктес: Sport12kz