20 сағат бұрын
Жібек Құламбаева теннистен Түркиядағы турнирде жартылай финалына шықты
Фото: Қазақстан теннисі федерациясы
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық спортшы жұптық сында Үндістан өкілі Рутуджа Бхосалемен бірге өнер көрсетіп жатыр.
Ширек финалда Құламбаева мен Бхосале испаниялық Ирене Бурильо Эскорихуэла және Лейре Ромеромен кездесіп, екі сетте де басым түсіп, 6:0, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Матч 1 сағат 18 минутқа созылды.
Бұған дейін Құламбаева мен Бхосале Польша өкілі Гина Файстель мен Кипр атынан өнер көрсететін Ралука Сербанды 6:2, 6:2 есебімен ұтқан болатын.
Еске салсақ, Астана алғаш рет WTT Star Contender турнирін қабылдайды: әлемдік үстел теннисінің жұлдыздары ҚР Президенті кубогы аясында сынға түседі.
Біздің серіктес: Sport12kz