8 сағат бұрын
Рыбакина мансабын қашан аяқтайтынын айтты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінде әлемнің бірінші ракеткасы атанғаннан кейін мансабын аяқтау туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
— Бұл жетістігіңіздің маңыздылығын толық түсіндіңіз бе? — деген сұраққа Рыбакина былай жауап берді:
— Иә деп ойлаймын, бірақ оған уақыт керек. Мен бұл жетістікті мансабыңның соңына жақындағанда немесе оны толық аяқтаған кезде ғана шын мәнінде түсініп, бағалай аламын деп ойлаймын. Қазір үнемі алға жылжып, әрі қарай ойнағың келеді. Тоқтауға болмайтынын түсінесің, өйткені керемет ойнайтын басқа теннисшілер де бар. Қазір бар күшімді салып, жұмысымды жалғастыруым керек. Себебі айналамда мықты ойыншылар өте көп, бәсеке де жоғары. Теннисте бәрі өте жылдам өзгеретінін білеміз.
Рыбакина мансабында алғаш рет WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атанатынын US Open турнирінің жартылай финалына шыққаннан кейін қамтамасыз етті.
Қазақстандық теннисші ширек финалда қытайлық Чжэн Циньвэньді 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңді. Осы жеңістен кейін жинаған ұпайлары Рыбакинаға WTA рейтингінде Беларусь өкілі Арина Соболенконы басып озуға мүмкіндік берді.
Рейтингтің ресми жаңартылған нұсқасы 14 қыркүйекте жарияланып, онда Рыбакина алғаш рет бірінші орынға көтеріледі.
Біздің серіктес: Sport12kz