7 сағат бұрын
Рыбакина мен Соболенко US Open финалында кездеседі
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен Беларусь өкілі Арина Соболенко US Open-2026 турнирінің финалында кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу 12 қыркүйектен 13 қыркүйекке қараған түні өтеді деп жоспарланған. Қазіргі жоспар бойынша матч Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады.
Жартылай финалда Рыбакина америкалық Кори Гауффты жеңсе, Соболенко тағы бір америкалық Джессика Пегуладан басым түсті.
Айта кетейік, финал нәтижесіне қарамастан, Елена Рыбакина келесі аптаның басында әлемнің жаңа бірінші ракеткасы атанады. Қазақстандық теннисші қазіргі рейтинг көшбасшысы Арина Соболенконы басып озады.
US Open-2026 әйелдер арасындағы жекелей сында жеңімпаз атанған теннисші 5,5 миллион доллар сыйақы және 2000 рейтингтік ұпай алады.
Біздің серіктес: Sport12kz