3 күн бұрын

Қазақстандық теннисші халықаралық турнирде қола жүлде жеңіп алды

Қазақстандық теннисші халықаралық турнирде қола жүлде жеңіп алды

Қазақстандық үстел теннисші Жәния Бекмұхамбетова Таиландтың Бангкок қаласында өткен WTT Youth Contender Bangkok 2026 халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болды. 

Бекмұхамбетова U13 жас санатында өнер көрсетіп, жарыстың жартылай финалына дейін жетті. Отандасымыз шешуші кезеңге дейін бірнеше қарсыласын жеңіп, жүлделі орынға жолдама алды.

Жартылай финалда Жәния Бекмұхамбетова Қытай Тайбэйінің өкілі Йен Пэй Эньге 0:3 есебімен есе жіберді. Осылайша ол турнирді үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, WTT Youth Contender жарыстары жасөспірімдер арасындағы халықаралық деңгейдегі маңызды турнирлердің бірі.


Біздің серіктес: Sport12kz