2 күн бұрын

Рыбакина мен Соболенко US Open титулын сарапқа салады

Рыбакина мен Соболенко US Open титулын сарапқа салады

12-нен 13 қыркүйекке қараған түні US Open-2026 әйелдер арасындағы финалдық матч өтеді. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) Беларусь өкілі Арина Соболенкоға (1-орын) қарсы ойнайды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Рыбакина – Соболенко матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады.

Турнир барысында Елена Рыбакина Тея Фродинді, Джессика Бусас Манейроны, Юлия Стародубцеваны, Наоми Осаканы, Чжэн Циньвэньді және Кори Гауффты жеңді.

Ал Арина Соболенко Камила Осорио, Полина Яценко, Камилла Рахимова, Тейлор Таунсенд, Линда Носкова және Джессика Пегуланы ұтты.

Айта кетейік, US Open-2026 жеңімпазы 5,5 миллион доллар сыйақы және 2000 рейтингтік ұпай алады.



Біздің серіктес: Sport12kz