Матч орталығы
Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 1:1 Аяқталды Бристоль Сити Бристоль Сити Чемпионшип Футбол Вест Бромвич Вест Бромвич 0:1 Аяқталды Бирмингем Бирмингем Премьер-лига Футбол Арсенал Арсенал 2:1 Аяқталды Лидс Лидс КХЛ Хоккей Барыс Барыс 5:1 Аяқталды Авангард Авангард Премьер-Лига Футбол Қайрат Қайрат 1:0 Аяқталды Жетісу Жетісу Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 17:00 10.10 Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао А сериясы Футбол Дженоа Дженоа 2:1 Аяқталды Фиорентина Фиорентина Бундеслига Футбол Майнц Майнц 3:4 Аяқталды Байер Байер Бундеслига Футбол Унион Унион 1:0 Аяқталды Эльверсберг Эльверсберг Бундеслига Футбол Хоффенхайм Хоффенхайм 2:3 Аяқталды Гамбург Гамбург Бундеслига Футбол Аугсбург Аугсбург 2:2 Аяқталды Бавария Бавария Бундеслига Футбол Падерборн Падерборн 0:2 Аяқталды Штутгарт Штутгарт Премьер-Лига Футбол Жеңіс Жеңіс 1:2 Аяқталды Атырау Атырау Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 1:2 Аяқталды Сток Сток Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 3:0 Аяқталды Линкольн Линкольн Премьер-лига Футбол Сандерленд Сандерленд 0:2 Аяқталды Брайтон Брайтон Премьер-лига Футбол Челси Челси 5:1 Аяқталды Борнмут Борнмут Премьер-лига Футбол Астон Вилла Астон Вилла 2:2 Аяқталды Брентфорд Брентфорд Чемпионшип Футбол Дерби Дерби 1:1 Аяқталды Рексхэм Рексхэм Чемпионшип Футбол Блэкберн Блэкберн 2:1 Аяқталды Кардифф Кардифф

12.09.2026

Ахмади Маханов Астанадағы J300 турнирінің чемпионы атанды

Ахмади Маханов Астанадағы J300 турнирінің чемпионы атанды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Ахмади Маханов елордада өткен World Tennis J300 Astana халықаралық жасөспірімдер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz

Жасөспірімдер арасындағы жекелей сында өткен финалдық кездесуде қазақстандық теннисші турнирдің алтыншы ракеткасы, Үндістан өкілі Самарт Сахитамен кездесті. Маханов екі сетте сенімді жеңіске жетіп, 6:1, 6:3 есебімен басым түсті және чемпиондық атақты иеленді.

Ахмади чемпиондық атаққа жету жолында негізгі торда бес кездесу өткізді. Екінші айналымда ол Өзбекстан өкілі Абдурахмон Каримовты — 6:4, 6:2 есебімен жеңсе, одан кейін словакиялық Доминик Мацейден — 6:4, 6:2 есебімен басым түсті.

Ширек финалда қазақстандық теннисші украиналық Юрий Столяровты — 7:5, 6:4 есебімен жеңді. Жартылай финалда Маханов Тунис өкілі Скандер Нсаиримен кездесіп, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Ахмади Маханов өз алаңында өткен турнирді жекелей сындағы чемпиондық атақпен аяқтады.

Айта кетейік, J300 санатындағы жарыс Астанада World Tennis жасөспірімдер туры аясында өтті. Турнир 7 қыркүйек аптасында басталып, финалдық кездесу 12 қыркүйекте өтті.

Бұған дейін Ахмади Маханов биыл халықаралық аренада тағы бір жетістікке қол жеткізіп, Венада өткен J100 жасөспірімдер турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанған болатын.



Біздің серіктес: Sport12kz