1 күн бұрын
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінде жеңімпаз атанды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) АҚШ ашық чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Елена Рыбакина тарихта алғаш рет US Open турнирінің чемпионы атанды. Бұған дейін қазақстандық теннисшінің бұл жарыстағы ең үздік нәтижесі 1/8 финалға дейін жету еді.
Рыбакина финалға дейін америкалық Тея Фродинді, испаниялық Джессика Бусас Манейроны, украиналық Юлия Стародубцеваны, жапониялық Наоми Осаканы, қытайлық Чжэн Циньвэньді және америкалық Кори Гауффты жеңді.
Біздің серіктес: Sport12kz