1 күн бұрын
Рыбакина теннис тарихындағы рекордтық жүлдеге ие болды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) US Open-2026 турнирінде жеңіске жетіп, теннис тарихындағы рекордтық жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Титулдан бөлек, Рыбакинаға 5,5 миллион доллар көлемінде чек табысталды. Бұл – теннис тарихында бір турнирдегі жеңісі үшін спортшыға берілген ең ірі жүлде.
Осылайша, қазақстандық теннисші бір турнирден алған жүлде көлемі бойынша өзінің рекордын жаңартты. Өткен жылы ол WTA қорытынды турниріндегі жеңісі үшін 5 миллион 235 мың доллар алған еді.
Айта кетейік, Рыбакина биыл қаңтарда Australian Open турнирінде, ал сәуірде Штутгарттағы жарыста жеңімпаз атанған.
Біздің серіктес: Sport12kz