1 күн бұрын

Соболенко Рыбакинадан жеңілгеннен кейін ракеткасын неге сындырғанын түсіндірді

Соболенко Рыбакинадан жеңілгеннен кейін ракеткасын неге сындырғанын түсіндірді

Беларусь теннисшісі Арина Соболенко US Open-2026 финалында қазақстандық Елена Рыбакинадан жеңілгеннен кейін алаңдағы эмоциялық әрекетіне түсініктеме берді.

«Үлкен дулыға» турнирінің финалында жеңілген кезде эмоцияны бақылау өте қиын. Әсіресе титулды қатарынан үшінші рет жеңіп алуға тырысқанда бұл одан да ауыр. Егер барлық эмоциямды ішімде ұстасам, алаңда да, қазір де бір ауыз сөз айта алмас едім. Сондықтан ашуым мен көңілсіздігімді алаңнан тыс жерде шығарғым келді», – деді Соболенко.

Еске салайық, US Open финалында Соболенко Рыбакинадан үш сет қорытындысы бойынша 4:6, 7:5, 2:6 есебімен жеңілді. Қазақстандық теннисші бұл маусымдағы екінші «Үлкен дулыға» титулына ие болды. Ол бұған дейін Australian Open турнирінде жеңіске жеткен. Ал Соболенко US Open-де 2024 және 2025 жылдары чемпион атанған.



Біздің серіктес: Sport12kz