21 сағат бұрын
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісімен құттықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Бұл орасан зор жетістік сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атануға лайық екеніңізді тағы бір дәлелдеді. Сіз шынайы кәсібилігіңізді, мақсатқа ұмтылысыңызды және алаңдағы мінсіз мәдениетіңізді тағы бір мәрте көрсеттіңіз. Бүкіл Қазақстан сіздің жетістіктеріңізді мақтан тұтады! Бұл әсерлі жеңісіңіз жаңа спорттық белестерге жетуге серпін беріп, шеберлігіңіз Қазақстанның жас теннисшілеріне үлгі болсын», – делінген Тоқаевтың құттықтауында.
Еске салайық, Нью-Йорктегі US Open-2026 финалында Елена Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенконы үш сет қорытындысы бойынша 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.
Бұл қазақстандық теннисшінің US Open-дегі алғашқы чемпиондығы болды. Бұған дейін Рыбакина 2022 жылы Уимблдонда және 2026 жылы Australian Open турнирінде жеңімпаз атанған еді.
Біздің серіктес: Sport12kz