8 сағат бұрын
Бубликтың ATP рейтингіндегі жаңа орны белгілі болды
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) US Open-2026 турнирінен кейін жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әлемдік рейтингте италиялық Янник Синнер көш бастап тұр. Екінші орында Германия өкілі Александр Зверев болса, үздік үштікті испаниялық Карлос Алькарас түйіндейді.
АҚШ өкілі Бен Шелтон бес сатыға көтеріліп, төртінші орынға жайғасты. Ал канадалық Феликс Оже-Альяссим төртінші орыннан бесінші сатыға сырғыды.
Қазақстанның ең үздік теннисшісі Александр Бублик рейтингте бір саты төмендеп, 17-орынға орналасты. Еске салайық, Бублик US Open-2026 турнирінің үшінші айналымында америкалық Томми Полдан жеңілген еді.
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко бес сатыға көтеріліп, 93-орынға шықты. Тимофей Скатов та бес позицияға жоғарылап, 200-орынға жайғасты.
Айта кетейік, US Open ерлер арасындағы жекелей сындағы финалда Александр Зверев Бен Шелтонды жеңіп, мансабында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының титулын иеленді.
Біздің серіктес: Sport12kz