3 сағат бұрын
Бублик Рыбакинаның әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады
Қазақстандық теннисші Александр Бублик елдің үздік теннисшісі Елена Рыбакинаның US Open-2026 турниріндегі жеңісіне қатысты жылы лебізін білдірді.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Рыбакинаны, Қазақстан теннис федерациясын және барша қазақстандықты айтулы жетістікпен құттықтады.
«Ленаны, Федерацияны және бүкіл Қазақстанды жеңісімен әрі әлемдік рейтингтегі бірінші орынға көтерілуімен құттықтаймын. Бұл – ұзақ жылдар бойы атқарылған еңбектің жемісі. Команда мұндай жеңістерге әбден лайық», – деп жазды Александр Бублик.
Еске салайық, Елена Рыбакина US Open финалында Арина Соболенконы үш сетте жеңіп, мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» титулын иеленді. Сондай-ақ ол әлемнің нөмір бірінші ракеткасы атанды.
Біздің серіктес: Sport12kz