3 күн бұрын
Ракеткасын сындырып, балағат сөз айтқан Соболенко жазалануы мүмкін
Беларусь теннисшісі Арина Соболенко US Open-2026 финалындағы әрекеті үшін жазаға тартылуы мүмкін.
Елена Рыбакинадан жеңілгеннен кейін Соболенко ракеткасын сындырып, өзін түсіріп тұрған операторға балағат сөз айтқан. Бұл әрекеті үшін теннисшіге Grand Slam ережесіне сәйкес айыппұл салынуы ықтимал.
Қолданыстағы ережеге сай, ракетканы әдейі сындырған ойыншыға 50 мың долларға дейін айыппұл қарастырылған. Турнир аумағында бейәдеп сөз қолданғаны үшін де дәл осындай көлемде жаза белгіленуі мүмкін.
Соболенконың нақты қанша айыппұл төлейтіні әзірге белгісіз. Теннисшінің бұған дейін де ашуға беріліп, ракетка сындырған кездері болған.
Айта кетейік, US Open-2026 финалында Елена Рыбакина Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді. Қазақстандық теннисші осылайша мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» титулын жеңіп алды. Сонымен қатар ол алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанды.
Біздің серіктес: Sport12kz