1 сағат бұрын
Рыбакинаның 2026 жылғы табысы белгілі болды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымдағы жүлде қорынан тапқан табысын айтарлықтай арттырды, деп хабарлайды Sport12.kz.
US Open турниріндегі жеңісі үшін Рыбакина 5,5 миллион АҚШ долларын алды. Осылайша, оның биылғы маусымдағы жалпы жүлде қоры 10 879 335 долларға жетті.
2026 жылы Елена Рыбакина «Үлкен дулығаның» екі турнирінде жеңіске жетті. Ол бұған дейін Australian Open чемпионы атанған. Сонымен қатар қазақстандық теннисші Германияның Штутгарт қаласында өткен турнирде де топ жарды.
Рыбакина бұдан бөлек АҚШ-тың Индиан-Уэллс және Канаданың Торонто қалаларындағы жарыстарда финалға дейін жетіп, екі рет жеңіліп қалды.
Біздің серіктес: Sport12kz