1 күн бұрын
Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тағы бір жетістікке қол жеткізді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы «Үлкен дулыға» турнирлерінде эйс саны бойынша әйелдер арасында көш бастады.
US Open финалында Арина Соболенкоға қарсы матчтың соңғы добында эйс жасаған Рыбакина маусымдағы көрсеткішін 116-ға жеткізді. Осылайша ол Соболенко мен Линда Носковадан бір эйс озып, бірінші орынға шықты.
Үздік бестік:
1. Елена Рыбакина – 116 эйс
2. Арина Соболенко – 115
3. Линда Носкова – 115
4. Наоми Осака – 107
5. Марта Костюк – 8
Айта кетейік, Елена Рыбакина US Open турнирінде Арина Соболенканы жеңіп, айтулы турнирде топ жарды.
Біздің серіктес: Sport12kz