Матч орталығы
Серия А Футбол Фиорентина Фиорентина 1:1 Аяқталды Наполи Наполи Чемпионшип Футбол Вулверхэмптон Вулверхэмптон 1:0 Аяқталды Вест Бромвич Вест Бромвич Премьер-лига Футбол Селтик Селтик 0:1 Аяқталды Рейнджерс Рейнджерс Ла Лига Футбол Хетафе Хетафе 1:0 Аяқталды Малага Малага Эредивизи Футбол Твенте Твенте 3:2 Аяқталды ПСВ ПСВ Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 3:4 Аяқталды Болтон Болтон Премьер-лига Футбол Лидс Лидс 0:0 Аяқталды Кристал Пэлас Кристал Пэлас Премьер-лига Футбол Борнмут Борнмут 0:1 Аяқталды Ливерпуль Ливерпуль Премьер-лига Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 5:3 Аяқталды Сандерленд Сандерленд Лига 1 Футбол Осер Осер 2:1 Аяқталды Брест Брест Серия А Футбол Фрозиноне Фрозиноне 2:0 Аяқталды Комо Комо Серия А Футбол Парма Парма 2:1 Аяқталды Дженоа Дженоа Бундеслига Футбол Байер Байер 2:0 Аяқталды Лейпциг Лейпциг Суперлига Футбол Фенербахче Фенербахче 8:0 Аяқталды Эюпспор Эюпспор Ла Лига Футбол Атлетико Атлетико 2:1 Аяқталды Реал Мадрид Реал Мадрид Лига 1 Футбол Ницца Ницца 2:0 70 Лилль Лилль Премьер-лига Футбол Фулхэм Фулхэм 0:0 59 Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед Бундеслига Футбол Шальке Шальке 0:0 57 Эльверсберг Эльверсберг Серия А Футбол Ювентус Ювентус 1:0 43 Аталанта Аталанта Ла Лига Футбол Депортиво Депортиво 0:0 14 Бетис Бетис

3 күн бұрын

Дэвис кубогы: Астанада Қазақстан - Таиланд кездесуінің жеребесі тартылды

Дэвис кубогы: Астанада Қазақстан - Таиланд кездесуінің жеребесі тартылды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Астанада Дэвис кубогының II әлемдік тобы аясында Қазақстан мен Таиланд құрамалары арасындағы матчтың ресми жеребе тарту рәсімі өтті. Оның қорытындысы бойынша жекелей және жұптық кездесулердің өту реті анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Матч 18–19 қыркүйек күндері Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының корттарында өтеді.

Жарыстың алғашқы күні, 18 қыркүйекте, екі жекелей кездесу өтеді.

Алғашқы матчта Александр Шевченко Максимус Парапол Джонспен кездеседі.

Одан кейін кортқа Тимофей Скатов пен Касидит Самрей шығады.

Екінші ойын күні, 19 қыркүйекте, жарыс бағдарламасы жұптық кездесумен басталады.

Қазақстан атынан Денис Евсеев пен Бейбіт Жукаев өнер көрсетеді. Оларға Танапет Чанта мен Пручья Исаро қарсылас болады.

Жұптық матчтан кейін тағы екі жекелей кездесу жоспарланған. Александр Шевченко Касидит Самреймен, ал Тимофей Скатов Максимус Парапол Джонспен ойнайды.

Матч қарсаңында қазақстандық теннисшілер алдағы кездесуге дайындығы мен жұптық сайысқа деген көңіл күйі туралы айтып берді.

«Мен бұл Дэвис кубогына шамамен үш апта дайындалдым. Денис екеуміздің Таиланд құрамасына қарсы кездесуімізді асыға күтіп жүрмін. Біз жақсы дайындық жүргіздік, жаттығу сеттерін ойнап, түрлі жаттығулар орындадық. Жалпы, өзімді кортта жақсы сезінемін және сапалы ойын көрсете аламыз деп үміттенемін», – деді Бейбіт Жукаев.

Оның жұптық сындағы серіктесі Денис Евсеев команда өз мүмкіндіктерін толық көрсетіп, оң нәтижеге қол жеткізуге ниетті екенін атап өтті.

«Биылғы жыл біз үшін оңай болған жоқ. Ақпан айында жеңіліске ұшырадық, енді сол кездесуден дұрыс қорытынды шығарып, өз мүмкіндіктерімізді көрсету маңызды. Бейбіт екеуміз бір-бірімізді бұрыннан жақсы танимыз, жекелей де, жұптық сында да талай рет бірге ойнадық. Кортта бір-бірімізді жақсы түсінеміз және бұл біздің артықшылығымыз деп ойлаймын. Бар мүмкіндігімізді пайдаланып, жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз», – деді Денис Евсеев.

Еске салайық, Қазақстан мен Таиланд арасындағы матчтың жеңімпазы Дэвис кубогының I әлемдік тобында өнер көрсету құқығына ие болады.

Матчтар 18 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 13:00-де, ал 19 қыркүйекте сағат 12:00-де басталады.


Біздің серіктес: Sport12kz