3 сағат бұрын
US Open чемпионы Елена Рыбакина Қазақстанға оралады
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жақын уақытта Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Теннисші Астана мен Алматы қалаларына барады. Оның Қазақстанға сапары US Open-2026 турниріндегі тарихи жеңісінен және WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атанғаннан кейін өтеді. Алайда Рыбакинаның нақты қай күні келетіні әзірге айтылған жоқ.
Еске салайық, өткен демалыс күндері US Open-2026 әйелдер арасындағы жекелей сында өткен финалда Елена Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенконы үш сетте 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, мансабында алғаш рет осы «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы атанды.
Бұған дейін қазақстандық теннисші 2022 жылы Уимблдонды, ал 2026 жылы Australian Open турнирін жеңген еді.
Біздің серіктес: Sport12kz