2 күн бұрын
Елена Рыбакина Қазақстанда шеберлік сағатын өткізеді
US Open турнирінде жеңіске жетіп, әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілген Елена Рыбакина Қазақстанға келеді.
Теннисші елде бір апта болып, Астана мен Алматыға барады. Сапар кезінде жас спортшылармен тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік сабақтарын өткізеді. Сондай-ақ жанкүйерлерімен кездеседі.
Елена елге келген соң Цинциннати турнирінде алған жарақатына байланысты медициналық тексерістен өтеді. Оның сіңіріндегі жарақаты US Open кезінде де мазалағаны белгілі болды. Соған қарамастан қазақстандық теннисші турнирді толық өткізіп, финалда жеңіске жетті. Дәрігерлер оған ойын кезінде ауырсынуды басатын дәрі қолдануға рұқсат берген.
Бапкерлер штабының кеңесімен Рыбакинаға қалпына келу үшін кемінде екі апта демалыс қажет. Сондықтан ол Қытайда өтетін Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатыспайды.
Айта кетейік, Елена Рыбакина US Open-ды жеңгеннен кейін WTA рейтингінде алғаш рет көш бастады. Бұл оның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші жеңісі. Бұған дейін ол 2022 жылы Wimbledon, биыл Australian Open турнирлерінде чемпион атанған.
Біздің серіктес: Sport12kz