Матч орталығы
Чемпионшип Футбол Миллуолл Миллуолл 16:30 Бүгін Вест Хэм Вест Хэм Чемпионшип Футбол Сток Сток 16:30 Бүгін Шеффилд Шеффилд Чемпионшип Футбол Кардифф Кардифф 16:30 Бүгін Чарльтон Чарльтон Премьер-лига Футбол Тоттенхэм Тоттенхэм 16:30 Бүгін Астон Вилла Астон Вилла Ла Лига Футбол Осасуна Осасуна 17:00 Бүгін Райо Вальекано Райо Вальекано Серия А Футбол Болонья Болонья 18:00 Бүгін Торино Торино Серия А Футбол Удинезе Удинезе 18:00 Бүгін Кальяри Кальяри Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 18:30 Бүгін Майнц Майнц Бундеслига Футбол Вердер Вердер 18:30 Бүгін Аугсбург Аугсбург Бундеслига Футбол Гамбург Гамбург 18:30 Бүгін Кельн Кельн Бундеслига Футбол Айнтрахт Айнтрахт 18:30 Бүгін Фрайбург Фрайбург Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 19:00 Бүгін Блэкберн Блэкберн Чемпионшип Футбол Бирмингем Бирмингем 19:00 Бүгін Мидлсбро Мидлсбро Чемпионшип Футбол Рексхэм Рексхэм 19:00 Бүгін Саутгемптон Саутгемптон Чемпионшип Футбол Бернли Бернли 19:00 Бүгін Дерби Дерби Премьер-лига Футбол Ньюкасл Ньюкасл 19:00 Бүгін Халл Халл Премьер-лига Футбол Эвертон Эвертон 19:00 Бүгін Ипсвич Ипсвич Премьер-лига Футбол Брайтон Брайтон 19:00 Бүгін Арсенал Арсенал Чемпионшип Футбол КПР КПР 19:00 Бүгін Престон Престон Ла Лига Футбол Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао 19:15 Бүгін Алавес Алавес

1 сағат бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президентін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президентін қабылдады

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда үстел теннисінің дамуына дәйекті түрде қолдау көрсеткені үшін Петра Сёрлингке алғыс айтып, еліміз Халықаралық федерациямен ынтымақтастықты ілгерілетуге айрықша мән беретінін жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан Президенті ел жастарының үстел теннисіне қызығушылығы арта түскенін айтты. Қазір 260 мыңнан астам адам осы спорт түрімен жүйелі түрде шұғылданады. Мемлекет спорт резервін даярлау және жарыстар өткізу үшін арнайы инфрақұрылымды дамыту ісін қолға алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылы Астанада үстел теннисінен өтетін әлем чемпионатын ұйымдастыруға жәрдемдескені үшін Петра Сёрлингке ризашылығын білдірді. Бұл Орталық Азияда аталған спорт түрі бойынша өтетін алғашқы біріншілік болмақ.

Әңгімелесу барысында алдағы әлем чемпионатының тарихи маңызына мән берілді. Бұл жарыс үстел теннисінің Қазақстанда ғана емес, бүкіл аймақта да қанат жаюына айтарлықтай жол ашатын болады.

ITTF жетекшісі Петра Сёрлинг үстел теннисіне жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты, сондай-ақ федерацияның осы спортты одан әрі насихаттау жоспарымен бөлісті.



Біздің серіктес: Sport12kz