2 күн бұрын
Қазақстан әйелдер құрамасы үстел теннисінен Азиададан шығып қалды
Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында үстел теннисінен командалық жарысты аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
1/8 финалда қазақстандық спортшылар Өзбекстан құрамасынан 2:3 есебімен жеңілді.
Ширек финалға шығу жолындағы кездесуде Қазақстан сапында Сарвиноз Миркадирова, Зауреш Акашова және Альбина Жақсылықова өнер көрсетті. Жеңімпаз бес жеке кездесудің қорытындысы бойынша анықталды. Оның үшеуінде Өзбекстан өкілдері басым түсті.
Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядан 0:3 есебімен жеңіліп, Мальдив аралдарын 3:1 есебімен жеңген болатын. Осылайша, команда турнирді бір жеңіс және екі жеңіліспен аяқтады.
Айта кетейік, Аичи және Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы Азиадаға 35 спорт түрінен 558 спортшымен қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Sport12kz