Матч орталығы
Сингапур женщины Теннис Мария Саккари Мария Саккари 2:0 Аяқталды Линда Фрухвиртова Линда Фрухвиртова Суперкубок Турции Баскетбол Фенербахче Фенербахче 72:59 Аяқталды Бешикташ Бешикташ Ұлттық лига Хоккей Лангнау Лангнау 3:5 Аяқталды Лозанна Лозанна Нидерланд кубогы Футбол Ассен Ассен 2:1 Аяқталды Хогевен Хогевен Нидерланд кубогы Футбол Гарденберг Гарденберг 0:1 Аяқталды Барендрехт Барендрехт Лига Магнус Хоккей Марсель Марсель 5:1 Аяқталды Руан Руан Лига Магнус Хоккей Амьен Амьен 2:3 Аяқталды Анже Анже Лига Магнус Хоккей Сержи Понтуаз Сержи Понтуаз 6:5 Қос. уақытта Ницца Ницца Лига Магнус Хоккей Англет Хормади Англет Хормади 2:4 Аяқталды Шамони Шамони Чэнду мужчины Теннис Александр Шевченко Александр Шевченко 10:00 Бүгін Хуберт Хуркач Хуберт Хуркач Кубок наций Персидского залива Футбол Ирак Ирак 19:30 Бүгін Оман Оман Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Әзербайжан Әзербайжан 21:00 Бүгін Тәжікстан Тәжікстан Кубок наций Персидского залива Футбол Сауд Арабиясы Сауд Арабиясы 23:00 Бүгін Кувейт Кувейт Лига Наций КОНКАКАФ Футбол Теркс и Кайкос острова Теркс и Кайкос острова 00:00 Ертең Монтсеррат Монтсеррат Еуропа чемпионаты Волейбол Италия Италия 00:05 Ертең Финляндия Финляндия Лига Наций КОНКАКАФ Футбол Багамские острова Багамские острова 01:00 Ертең Сен-Мартен Сен-Мартен Ла Лига Футбол Леванте Леванте 23:00 21.10 Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао Конференциялар лигасы Футбол Аталанта Аталанта 22:45 05.11 Қайрат Қайрат

6 сағат бұрын

Юлия Путинцева Испаниямен матч алдындағы дайындығы туралы айтты

Юлия Путинцева Испаниямен матч алдындағы дайындығы туралы айтты

Фото: Қазақстан теннис федеарциясы

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында Испания құрамасына қарсы өтетін матч алдындағы көңіл күйімен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Спортшы алдағы кездесуге дайындығы, командалық рухтың маңыздылығы және өзінің физикалық жағдайы туралы айтып берді.

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен баспасөз мәслихатында Путинцева халықаралық жарыстарда жинаған тәжірибесін ұлттық құраманың жеңіске жетуіне көмектесу үшін пайдалануға ниетті екенін атап өтті.

«Менің ойымша, алдағы кездесуде тәжірибем маңызды рөл атқаруы мүмкін. Мен әрқашан соңына дейін күресемін және әр матчта, әсіресе Қазақстанның намысын қорғаған кезде, жауынгерлік мінезімді көрсетуге тырысамын. Осы жігерімді командадағы қыздарға да жеткізіп, бәріміз бірге үздік ойынымызды көрсете аламыз деп үміттенемін. Біздің құрамамыз шынымен де мықты және көп нәрсе өзімізге байланысты. Ең бастысы – өзімізге деген сенімді сақтап, ойын жоспарымызды ұстану және әр ұпай үшін күресу», – деді Путинцева.

Теннисші сондай-ақ өзінің физикалық жағдайы мен алдағы матчтарға дайындығы туралы айтып берді. Спортшының сөзінше, маусымның күрделі өтуіне және денсаулығына байланысты қиындықтарға қарамастан, қазір өзін әлдеқайда жақсы сезінеді.

«Бұл маусым мен үшін оңай болған жоқ. Жазда денсаулығыма байланысты қиындықтар туындады, бірақ қазір өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін. Теннисте жеңіс те, жеңіліс те болады. Әр апта немесе әр ай сайын ең жоғары деңгейде өнер көрсету мүмкін емес. Дегенмен мен күн сайын жаттығып, өзімді жетілдіруге және үздік ойынымды көрсетуге бар күшімді салып келемін. Қазір бар ойым алдағы матчқа және командама қалай көмектесе алатыныма бағытталған», – деп қосты қазақстандық теннисші.

Еске сала кетейік, 23 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында Испаниямен кездеседі. Матч Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де (жергілікті уақыт бойынша 17:00-де) басталады.

Қарсыласу екі жекелей және бір жұптық матчтан тұрады. Жартылай финалға шығу үшін команда екі матчта жеңіске жетуі тиіс.

Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңі 22–27 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді. Әлем чемпионы атағы үшін сегіз ұлттық құрама бақ сынайды.



Біздің серіктес: Sport12kz