6 сағат бұрын
Қазақстан үшін Билли Джин Кинг кубогының ширек финалын сәтсіз бастады
Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының ширек финалындағы Испанияға қарсы матчта ұтылды. Шэньчжэньде өтіп жатқан матчтың алғашқы жекелей ойынында Соня Жиенбаева есе жіберді.
Әлемдік рейтингте 384-орында тұрған қазақстандық теннисші WTA рейтингінің 93-сатысындағы Джессика Бузас Манейроға 2:6, 1:6 ұпайымен жеңіолі
Бұл – екі теннисшінің кәсіби мансабындағы алғашқы өзара кездесуі.
Енді Юлия Путинцева Кристина Букшаға қарсы кортқа шығады. Қазақстандық теннисші жеңіске жетсе, командалар арасындағы есеп теңеседі. Ал жартылай финалға шығатын команда жұптық кездесуден кейін анықталады.
Жоспар бойынша жұптық сында Жібек Құламбаева мен Анна Данилина Кристина Букша және Сара Соррибес-Тормомен кездесуі мүмкін.
Қазақстан – Испания кездесуінің жеңімпазы жартылай финалда Чехия құрамасымен ойнайды. Чехиялықтар бұған дейін Ұлыбританияны жеңген.
Біздің серіктес: Sport12kz