Матч орталығы
УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Словения Словения 0:0 Аяқталды Шотландия Шотландия Бундеслига Баскетбол Бавария Бавария 95:61 Аяқталды Альба Альба Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Кувейт Кувейт 2:3 Аяқталды Ирак Ирак УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Фарерские аралдары Фарерские аралдары 1:1 Аяқталды Қазақстан Қазақстан УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Болгария Болгария 1:2 Аяқталды Люксембург Люксембург УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Исландия Исландия 1:1 Аяқталды Эстония Эстония УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Сан-Марино Сан-Марино 0:7 Аяқталды Финляндия Финляндия Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Оман Оман 0:3 Аяқталды Сауд Арабиясы Сауд Арабиясы УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Солтүстік Македония Солтүстік Македония 0:3 Аяқталды Швейцария Швейцария УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Албания Албания 2:0 Аяқталды Беларусь Беларусь УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Чехия Чехия 1:2 Аяқталды Хорватия Хорватия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Англия Англия 2:3 Аяқталды Испания Испания УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Словакия Словакия 2:0 Аяқталды Молдова Молдова Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол АҚШ АҚШ 1:0 11 Перу Перу Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Канада Канада 04:00 Бүгін Чили Чили Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Мексика Мексика 06:00 Бүгін Колумбия Колумбия Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол ЦСКА ЦСКА 17:00 Бүгін Пари НН Пари НН Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Шанхай Шэньхуа Шанхай Шэньхуа 17:00 Бүгін Зенит Зенит УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Литва Литва 18:00 Бүгін Әзербайжан Әзербайжан Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Партизан Партизан 18:00 Бүгін Родина Родина

2 күн бұрын

Қазақстандық теннисшілер Билли Джин Кинг кубогы жайлы пікірін білдірді

Қазақстандық теннисшілер Билли Джин Кинг кубогы жайлы пікірін білдірді

Фото: Қазақстан теннис федеарциясы

Қазақстандық теннисшілер Жібек Құламбаева мен Анна Данилина Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі Испанияға қарсы ширек финалдың шешуші жұптық кездесуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жұптық матчта Құламбаева мен Данилина Кристина Букша мен Сара Соррибес Тормоға 2:6, 5:7 есебімен есе жіберді. Үш кездесудің қорытындысы бойынша Испания құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Құламбаева қазақстандық жұптың алғашқы сетте өз ойын бірден көрсете алмағанын, алайда екінші партияда қарқынын арттырып, матч барысын өзгертуге бірнеше мүмкіндік болғанын атап өтті.

«Менің ойымша, бірінші сетте ойынға кеш кірістік және өзіміз қалаған деңгейде ойнай алмадық. Екінші сетті әлдеқайда жақсы бастадық. Бізде көптеген мүмкіндік пен брейк-пойнт болды. Әр ұпай үшін күресуге дайын болдық. Кейбір геймдер 20 минутқа жуық созылды, сондықтан үнемі жоғары қарқынды сақтап тұру оңай болған жоқ. Өкінішке қарай, мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық», — деді Құламбаева.

Анна Данилина да матч барысында пайдаланылмаған мүмкіндіктер көп болғанын айтып, сонымен қатар Қазақстан құрамасының турнирдегі нәтижесіне тоқталды.

«Өте қиын матч болды. Бізде көптеген мүмкіндік болды, бірақ, өкінішке қарай, оларды пайдалана алмадық. Әрине, кездесудің осылай аяқталғаны өкінішті. Біз барымызды салып, соңына дейін күрестік, алайда бүгін ойлағанымыз жүзеге аспады. Дегенмен біз финалдық кезеңге жолдама алып, әлемнің үздік сегіз құрамасының қатарына ендік. Бұл — өте жақсы нәтиже. Біздің командамыз шынымен де мықты, мен әрқашан құрамамызға сенемін», — деді Данилина.

Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогындағы өнерін ширек финалда аяқтады. Бұған дейін жекелей кездесулерде Соня Жиенбаева Джессика Бузас Манейроға 2:6, 2:6 есебімен жол берсе, Юлия Путинцева Кристина Букшаны 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңген болатын.


Біздің серіктес: Sport12kz