Матч орталығы
Африка ұлттар кубогы, іріктеу Футбол Лесото Лесото 0:2 Аяқталды Марокко Марокко УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Финляндия Финляндия 0:0 Аяқталды Беларусь Беларусь УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Молдова Молдова 1:1 Аяқталды Фарерские аралдары Фарерские аралдары Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Ресей Ресей 2:0 Аяқталды Иран Иран КХЛ Хоккей ЦСКА ЦСКА 6:5 Аяқталды СКА СКА Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Сауд Арабиясы Сауд Арабиясы 2:0 Аяқталды Ирак Ирак Еуролига Баскетбол Фенербахче Фенербахче 100:76 Аяқталды Бавария Бавария Еуропа чемпионаты U21, іріктеу Футбол Ирландия U21 Ирландия U21 4:3 Аяқталды Қазақстан U21 Қазақстан U21 УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Испания Испания 4:1 Аяқталды Хорватия Хорватия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Словакия Словакия 2:1 Аяқталды Қазақстан Қазақстан УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Сан-Марино Сан-Марино 0:3 Аяқталды Албания Албания УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Чехия Чехия 0:2 Аяқталды Англия Англия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Шотландия Шотландия 0:3 Аяқталды Швейцария Швейцария УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Болгария Болгария 0:0 Аяқталды Эстония Эстония УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Люксембург Люксембург 0:3 Аяқталды Исландия Исландия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Словения Словения 2:0 Аяқталды Солтүстік Македония Солтүстік Македония Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол АҚШ АҚШ 05:00 Бүгін Чили Чили Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Мексика Мексика 06:00 Бүгін Перу Перу Пекин мужчины Теннис Александр Бублик Александр Бублик 07:00 Бүгін Якуб Меншик Якуб Меншик Еуропа чемпионаты U21 Футбол Фарер аралдары U21 Фарер аралдары U21 21:00 Бүгін Люксембург U21 Люксембург U21

2 күн бұрын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина кездесті



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жарқын жеңісімен және теннистен «әлемнің бірінші ракеткасы» мәртебесіне ие болуымен құттықтады.

Президент тарихи мәні зор осынау табыс отандық спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.

“Сіздің жеңістеріңізден кейін балалардың тенниске қызығушылығы артып, секцияларға көптеп жазылады. Олар да чемпион болғысы келеді. Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз. Бұл – өте оң үрдіс. Өскелең ұрпақты спортқа баулу керек, өйткені бұл олардың келешегі үшін өте маңызды. Үш бірдей Үлкен дулыға турниріндегі жеңісіңіз теннис жылнамасына өшпестей болып жазылды. Мұнымен тоқтамай, алда әлі талай асуды бағындырасыз деп сенемін”, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Елена Рыбакинаның адами қасиеттеріне айрықша тоқталды.

“Сіз кортта да, жұртшылық ортасында да байыптылығыңызды байқатасыз. Ішкі мәдениетіңіз жоғары екенін үнемі айтып жүремін. Қазақстанды спортқа, әсіресе, тенниске қолдау көрсететін өркениетті әрі дамыған мемлекет ретінде таныту тұрғысынан мұның маңызы өте зор”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Елена Рыбакина Мемлекет басшысына өзін ұдайы қолдағаны, сондай-ақ Қазақстанда үлкен теннистің дамуына айрықша қамқорлық көрсеткені үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Әлемнің бірінші ракеткасы Қазақстан атынан өнер көрсетуді мақтан тұтатынын мәлімдеді. Теннисші алдағы уақытта да жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жанкүйерлерін жаңа жеңістермен қуанта беруге ниетті.


Біздің серіктес: Sport12kz