17 сағат бұрын
Қазақстандық теннисші Азиададағы алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Азиада-2026 ойындарындағы ерлер арасындағы жекелей сындағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарысты екінші айналымнан бастаған Скатов Иран өкілі Касра Рахманимен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын 2:6, 6:3, 6:3 есебімен жеңді.
Кездесу 2 сағат 16 минутқа созылды. Скатов төрт эйс орындап, екі рет қос қателік жіберді. Сондай-ақ ол алты брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Ал Рахмани үш эйс жасап, бір қос қателік жіберді және он брейк-пойнттың үшеуін ғана жүзеге асырды.
Келесі кездесуде Тимофей Скатов тайландтық Касидит Самреймен ойнайды. Ол бұған дейін непалдық теннисші Прадип Хадкуды екі сетте жеңген.
Біздің серіктес: Sport12kz