3 күн бұрын
Юлия Путинцева Азиада-2026 ойындарында жартылай финалға шықты
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аичи және Нагоя қалаларында (Жапония) өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарының әйелдер арасындағы жекелей сында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әлемдік рейтингте 82-орында тұрған Путинцева ширек финалда Таиланд өкілі Мананчайя Савангкаевпен (WTA рейтингінде 90-орын) кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:0 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды. Путинцева алғашқы доп беруден 73%, екінші доп беруден 50% ұпай жинады. Сондай-ақ қабылдаудағы ұпайлардың 60%-ын иеленіп, сегіз брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.
Енді Юлия Путинцева финалға шығу үшін Қытай өкілі Чжан Шуаймен кездеседі. Қытайлық теннисші ширек финалда Жапония өкілі Химэно Сакагацумэні 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Біздің серіктес: Sport12kz