2 күн бұрын
Юлия Путинцева Азиада-2026 ойындарында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аичи және Нагоя қалаларында (Жапония) өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарының қола жүлдегері атанды.
Әйелдер арасындағы жекелей сындағы жартылай финалда Қазақстан өкілі Қытай теннисшісі Чжан Шуаймен кездесті.
Путинцева екі сетте 4:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Юлия Путинцева Азиада-2026 ойындарындағы өнерін үшінші орынмен аяқтап, қола медаль иеленді.
Біздің серіктес: Sport12kz