2 күн бұрын
Александр Шевченко Азиадада жартылай финалға шыға алмады
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Жапонияда өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарының ерлер арасындағы жекелей сындағы жарысын ширек финалда аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстанның екінші ракеткасы ширек финалда Жапония өкілі Хаято Мацуокамен кездесті. Шевченко алғашқы сетте 6:3 есебімен жеңіске жеткенімен, кейінгі екі партияда 2:6, 0:6 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу 1 сағат 37 минутқа созылды.
Осылайша, Хаято Мацуока жартылай финалға жолдама алды. Оның келесі қарсыласы Қытай өкілі У Ибин болады.
Айта кетейік, Александр Шевченко Азиададағы алғашқы кездесуінде Непал өкілі Абишек Бастоланы 6:2, 6:2 есебімен жеңді. Кейін 1/8 финалда Таиланд теннисшісі Максимус Джонсты 6:1, 6:4 есебімен ұтты.
Біздің серіктес: Sport12kz