1 күн бұрын
Елена Рыбакинаның Бейжіңдегі алғашқы қарсыласы анықталды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі алғашқы кездесуін Алина Чараеваға қарсы өткізеді.
Армения атынан өнер көрсететін Чараева бірінші айналымда әлемнің 45-ракеткасы, украиналық Юлия Стародубцеваны үш сетте жеңді. Кездесу 5:7, 7:5, 6:2 есебімен аяқталды.
WTA рейтингінде 118-орында тұрған Чараева осылайша екінші айналымға жолдама алды.
Рыбакина мен Чараева арасындағы матч 2 қазанда Қазақстан уақытымен 08:00-ден кейін басталады.
Бейжіңдегі WTA 1000 турнирі 11 қазанға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Sport12kz