2 күн бұрын
Арина Соболенко Пекиндегі турнирде сенсациялық жеңіліске ұшырады
Пекиндегі WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында Беларусь теннисшісі Арина Соболенко (WTA рейтингінде 2-орын) Чехия өкілі Никола Бартунковамен (34-орын) кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың басты фавориттерінің бірі саналған Соболенко күтпеген жерден екі сетте де жеңіліп, 4:6, 3:6 есебімен есе жіберді. Кездесу 1 сағат 35 минутқа созылды.
Осылайша, Арина Соболенко Қытайдағы WTA 1000 турниріндегі өнерін аяқтады. Ал 20 жастағы Никола Бартункова жарыстың 1/8 финалына жолдама алды. Оның келесі қарсыласы Аустрия өкілі Синья Краус (95-орын) болады.
Айта кетейік, Пекиндегі турнирдің жеңімпазы 1 151 380 доллар көлемінде сыйақы алып, рейтингке 1000 ұпай қосады.
Біздің серіктес: Sport12kz