2 күн бұрын
Алина Чараева Елена Рыбакинадан алған жеңісіне пікір білдірді
Ресейлік теннисші, әлемнің 118-ракеткасы Алина Чараева Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінде әлемдік рейтинг көшбасшысы Елена Рыбакинадан алған сенсациялық жеңісінен кейін эмоциясын бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Шынымды айтсам, сөз таба алмай тұрмын. Әлемнің бірінші ракеткасы Еленаны жеңу — мен үшін үлкен тәжірибе. Эмоциямды бақылап, ең жақсы теннисімді көрсете алғаныма өте қуаныштымын. Тек күрескерлік көңіл күйді сақтап, бір сәтте жағдайды өзгерте алатыныма сенуге тырыстым. Мен бір секундқа да жеңіске деген сенімімді жоғалтпаған шығармын.
Әрине, ойыннан ләззат алып, аз қобалжуға тырыстым. Бірақ бұл мүмкін болмады, бәрібір қатты уайымдадым. Өзімнің ең жақсы ойынымды көрсете алсам, қарсыласуға мүмкіндігім болатынын білдім. Нәтижесінде солай болғанына өте қуаныштымын», — деді Чараева.
Айта кетейік, Қытай астанасында өткен WTA 1000 турнирінің екінші айналымындағы кездесу 2 сағат 12 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші 3:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңіліп қалды.
Матч барысында Рыбакина үш эйс жасап, жеті рет қос қателік жіберді. Сондай-ақ қазақстандық теннисші сегіз брейк-пойнттың үшеуін қайтарды.
Біздің серіктес: Sport12kz