6 сағат бұрын
Елена Рыбакина Ухань турниріне қатыспайды
Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уханьда өтетін WTA 1000 турниріне қатыспайды.
WTA мәліметінше, Рыбакина жарыстан табанындағы жарақатына байланысты бас тартқан. Уханьдағы турнир 12-18 қазан аралығында өтеді.
Бұған дейін қазақстандық теннисші Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінің екінші айналымында Алина Чараевадан 3:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңілген еді. Матчтан кейін Рыбакина ойынның соңында табанын ауырсанғанын айтты.
Теннисшінің айтуынша, US Open-дегі жеңісінен кейін толыққанды ұйықтап, қалпына келуге көп мүмкіндігі болмаған. Енді ол бір апта демалып, денсаулығын қалпына келтіруге тырыспақ.
Біздің серіктес: Sport12kz