3 сағат бұрын
Бублик пен Шан Бейжіңдегі ATP 500 турнирінің финалына шыға алмады
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Бейжіңде өтіп жатқан ATP 500 турнирінің жұптық сайысында финалға шыға алмады.
Бублик қытайлық Шан Цзюнчэнмен бірге жартылай финалда нидерландық Сандер Арендс пен Давид Пелге қарсы ойнады.
Кездесу барысында қазақстандық-қытайлық жұп қарсыластарына екі сетте де 4:6 есебімен есе жіберді. Осылайша, Арендс пен Пел турнирдің финалына жолдама алды.
Бублик пен Шан бұған дейін жарыстың алғашқы кезеңінде аргентиналық Франсиско Серундоло мен француз Артур Риндеркнешті, ал ширек финалда аргентиналық Максимо Гонсалес пен Андрес Мольтениді жеңген еді.
Айта кетейік, Александр Бублик жекелей сында да Бейжіңдегі жарысты жалғастыра алмады. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда чехиялық Якуб Меншикке 4:6, 6:7 есебімен жол берді.
Біздің серіктес: Sport12kz