3 күн бұрын
Рыбакинаның бәсекелесі Бейжіңдегі дауға жауап берді
Америкалық теннисші Кори Гауфф Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінде қытайлық Сунь Синьжаньмен болған матчтағы даулы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесудің бірінші сетінде Сунь Синьжань ұпай алуға жақын тұрған сәтте Гауфф алаң маңындағы жарнамалық панельдің жыпылықтағанын байқап, қолын көтерді. Төреші эпизодтан кейін ұпайды қайта ойнатуға рұқсат берді.
Ойын қорытындысында Гауфф 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Алайда осы эпизодтан кейін америкалық спортшы әлеуметтік желіде әділетсіз ойын көрсетті деген сынға ұшырады.
Гауфф өз түсініктемесінде панельдің жыпылықтағанын алғаш байқағанда оған толық сенімді болмағанын айтты. Ал екінші рет қайталанған кезде ғана мұның шын мәнінде болғанына көз жеткізгенін атап өтті.
Теннисші мұндай жағдайда ережеге сәйкес ұпайды қайта ойнатуға болатынын айтып, егер өзі ұпайдан айырылған жағдайда қарсыласы да осы мүмкіндікті пайдалана алатынын жеткізді. Сондай-ақ Гауфф матчтан кейін Сунь Синьжаннан кешірім сұрағанын және қытайлық теннисшінің жағдайды түсінгенін айтты.
Сонымен қатар америкалық спортшы матчтан кейін өзіне бағытталған нәсілдік сипаттағы көптеген қорлау пікірлері мен жеке хабарламаларға шағымданды. Гауфф мұндай жағдайға келіспеушілік білдіруге болады, бірақ нәсілшілдікке жол берілмеуі керек екенін атап өтті.
Айта кетейік, Кори Гауфф WTA рейтингінде төртінші орында тұр. Ол әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакинамен қатар әйелдер теннисіндегі көшбасшылардың бірі саналады.
Біздің серіктес: Sport12kz