3 күн бұрын
Тимофей Скатов Шанхайдағы «Мастерс» турниріне өте алмады
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Шанхайда (Қытай) өтіп жатқан «Мастерс» турнирінің іріктеу кезеңіндегі соңғы матчында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әлемдік рейтингте 210-орында тұрған Скатов негізгі кезеңге шығу үшін австралиялық Бернард Томичпен (ATP рейтингінде 185-орын) кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласына екі сетте де есе жіберіп, 5:7, 4:6 есебімен жеңілді. Кездесу 1 сағат 28 минутқа созылды.
Матч барысында Скатов жеті эйс орындап, екі рет қос қателік жіберді. Сондай-ақ брейк-пойнт бойынша берілген екі мүмкіндіктің ешқайсысын пайдалана алмады. Ал Томич жеті эйс жасап, брейкке арналған бес мүмкіндіктің екеуін сәтті жүзеге асырды.
Осылайша, Тимофей Скатов Шанхайдағы «Мастерс» турнирінің негізгі кезеңіне жолдама ала алмады.
Біздің серіктес: Sport12kz