3 күн бұрын
Әлемнің бірінші ракеткасы жарақатына байланысты маусымды ерте аяқтады
Әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер тізесіндегі жарақатына байланысты 2026 жылғы маусымын мерзімінен бұрын аяқтады.
Италиялық теннисші дәрігерлермен кеңескеннен кейін тізесіне ем қажет деген шешімге келгенін мәлімдеді.
«Дәрігерлермен бірге тіземе ем қажет деген шешімге келдік. Бұл 2026 жылғы маусымымның ресми түрде аяқталғанын білдіреді. Алдағы уақытта мансабымды сәтті жалғастыру үшін денсаулығыма көңіл бөлуім керек. Сондықтан кортқа 100 пайыз дайын болып оралуға қолдан келгеннің бәрін жасаймын», – деді Синнер.
25 жастағы спортшы Уимблдонның финалынан кейін кортқа шыққан жоқ. Осыдан соң ол АҚШ-тағы хард-корт кезеңін, US Open мен Азиядағы бірнеше жарысты өткізіп алды. Енді италиялық теннисші маусымның қалған бөлігінде, соның ішінде ATP қорытынды турнирінде өнер көрсетпейді.
Синнер 2026 жылғы маусымда алты турнирде чемпион атанды.
Біздің серіктес: Sport12kz