Матч орталығы
КХЛ Хоккей Трактор Трактор 0:2 Аяқталды Амур Амур КХЛ Хоккей Динамо Минск Динамо Минск 4:2 Аяқталды СКА СКА КХЛ Хоккей СКА СКА 21:10 08.10 Динамо Минск Динамо Минск Еуролига Баскетбол Бавария Бавария 87:94 Аяқталды Виртус Виртус Челленджер Палермо Теннис Габриэле Пираино Габриэле Пираино 0:2 Аяқталды Энрико Далла Валле Энрико Далла Валле Еуролига Баскетбол Панатинаикос Панатинаикос 92:74 Аяқталды Фенербахче Фенербахче Еуролига Баскетбол Валенсия Валенсия 93:82 Аяқталды Хапоэль Тель Авив Хапоэль Тель Авив Еуролига Баскетбол Реал Реал 86:76 Аяқталды Партизан Партизан НХЛ Хоккей Вегас Вегас 07:00 Бүгін Торонто Торонто Шанхай мужчины Теннис Александр Бублик Александр Бублик 12:30 Бүгін Томаш Махач Томаш Махач Чемпионат Европы для игроков U19 (Женщины) Футбол Чехия U19 (Қ) Чехия U19 (Қ) 14:00 Бүгін Қазақстан U19 (Қ) Қазақстан U19 (Қ) Әлем чемпионаты, іріктеу, қыздар Футбол Қазақстан (Қ) Қазақстан (Қ) 16:00 Бүгін Ирландия (Қ) Ирландия (Қ) Суперлига Футбол Галатасарай Галатасарай 22:00 Бүгін Касымпаша Касымпаша Про-лига Футбол Аль-Наср Аль-Наср 23:00 Бүгін Аль-Драих Аль-Драих Эредивизи Футбол ПСВ ПСВ 23:00 Бүгін Херенвен Херенвен Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 23:30 Бүгін Вердер Вердер Лига 1 Футбол Ланс Ланс 23:45 Бүгін Лион Лион Чемпионшип Футбол Вест Хэм Вест Хэм 00:00 Ертең КПР КПР Ла Лига Футбол Малага Малага 00:00 Ертең Эспаньол Эспаньол Примейра-лига Футбол Брага Брага 00:15 Ертең Спортинг Спортинг

8 сағат бұрын

Бексұлтан Бауыржанов Алматыдағы халықаралық турнирде финалист атанды

Бексұлтан Бауыржанов Алматыдағы халықаралық турнирде финалист атанды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Алматыда World Tennis Tour Juniors сериясына кіретін J30 Almaty халықаралық жасөспірімдер турнирінің ұлдар арасындағы жекелей сын жарыстары аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық қатысушылар арасында үздік нәтижені финалға шыққан Бексұлтан Бауыржанов көрсетті.

Негізгі кезеңде 32 теннисші өнер көрсетті. Жарыс екі кезеңнен тұрды: алдымен қатысушылар сегіз топта бақ сынады, содан кейін әр топтың жеңімпазы ширек финалда жарысты жалғастырды.

Турнирдің екінші ракеткасы Бауыржанов топтық кезеңде қарсыластарына бірде-бір сет бермей, үш жеңіске қол жеткізді. Ширек финалда қазақстандық теннисші отандасы Анатолий Цыбульконы 2:6, 6:2, 6:3 есебімен жеңсе, жартылай финалда Қазақстанның тағы бір өкілі Виктор Сериковтан 6:1, 6:0 есебімен басым түсті.

Шешуші кездесуде Бауыржанов турнирдің үшінші ракеткасы, әзербайжандық Рафаэль Гусейновпен кездесті. Матч Гусейновтың пайдасына 6:4, 6:0 есебімен аяқталды.

Виктор Сериков турнирдің жартылай финалына шықты. Өз тобында жеңімпаз атанған ол ширек финалда қазақстандық Юнус Зульфарды 6:2, 2:6, 6:3 есебімен ұтты.

Жалпы ширек финалға Қазақстанның бес өкілі шықты: Бексұлтан Бауыржанов, Виктор Сериков, Диас Төлепбергенов, Юнус Зульфар және Анатолий Цыбулько.


Біздің серіктес: Sport12kz