3 күн бұрын
Елена Рыбакинадан кейін тағы он теннисші Ухань турнирінен бас тартты
Қытайдың Ухань қаласында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирге қатысудан тағы он теннисші бас тартты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина аяқ жарақатына байланысты жарыстан шығатынын мәлімдеген еді. Одан кейін түрлі себептермен Кори Гауфф, Аманда Анисимова, Виктория Мбоко, Наоми Осака, Мэдисон Киз, Эмма Наварро, Анастасия Потапова, Хейли Баптист, Барбора Крейчикова және Каролина Плишкова да турнирге қатыспайтыны белгілі болды.
Аталған теннисшілердің орнына жарыс кестесіне басқа ойыншылар қосылады.
Wuhan Open турнирі 12–18 қазан аралығында өтеді. Жарыстың жүлде қоры 4 миллион доллардан асады. Былтырғы турнирдің жеңімпазы — америкалық Кори Гауфф.
Біздің серіктес: Sport12kz