Матч орталығы
Ла Лига Футбол Бетис Бетис 5:2 Аяқталды Осасуна Осасуна Примейра-лига Футбол Бенфика Бенфика 2:0 Аяқталды Гимарайнш Гимарайнш Испания чемпионаты Баскетбол Барселона Барселона 89:86 Аяқталды Валенсия Валенсия Б сериясы Футбол Модена Модена 3:2 Аяқталды Верона Верона Суперлига Футбол Олимпиакос Олимпиакос 1:0 Аяқталды Панатинаикос Панатинаикос Челленджер Роан Теннис Олег Приходько Олег Приходько 0:2 Аяқталды Патрик Брэди Патрик Брэди Челленджер Санта-Круз 2 Теннис Пауло Андре Сарайва Дос Сантос Пауло Андре Сарайва Дос Сантос 0:2 Аяқталды Сантьяго Де Ла Фуэнте Сантьяго Де Ла Фуэнте Лига 1 Футбол Труа Труа 0:2 Аяқталды Марсель Марсель А сериясы Футбол Кальяри Кальяри 1:1 Аяқталды Ювентус Ювентус Ла Лига Футбол Расинг Расинг 2:2 Аяқталды Валенсия Валенсия Сегунда Футбол Кадис Кадис 0:1 Аяқталды Спортинг Хихон Спортинг Хихон Примейра-лига Футбол Арока Арока 1:0 Аяқталды Эштрела Эштрела Чемпионат Европы для игроков U19 (Женщины) Футбол Қазақстан U19 (Қ) Қазақстан U19 (Қ) 15:30 Бүгін Мальта U19 (Қ) Мальта U19 (Қ) КХЛ Хоккей Барыс Барыс 19:30 Бүгін Сибирь Сибирь А сериясы Футбол Аталанта Аталанта 21:30 Бүгін Венеция Венеция АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль-Наср Аль-Наср 23:15 Бүгін Нефтчи Нефтчи А сериясы Футбол Торино Торино 23:45 Бүгін Удинезе Удинезе Сегунда Футбол Тенерифе Тенерифе 00:00 Ертең Жирона Жирона Ла Лига Футбол Леванте Леванте 00:00 Ертең Севилья Севилья Премьер-лига Футбол Ковентри Ковентри 00:00 Ертең Ньюкасл Ньюкасл

19 сағат бұрын

Түркістанда Turkestan Masters турнирі аяқталды

Түркістанда Turkestan Masters турнирі аяқталды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Түркістанда G2 санатындағы республикалық Turkestan Masters 12&Under турнирінің ұлдар арасындағы жекелей сында қорытындысы шығарылды. Жарыс 21–27 қыркүйек аралығында «Түркістан» теннис клубының ашық хард корттарында өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Турнирдің бірінші ракеткасы Арсений Горбач жеңімпаз атанды. Шешуші кездесуде ол Нұрислам Құрманиязовты 6:3, 6:0 есебімен жеңді. Горбач чемпиондыққа жету жолында бірде-бір сетте жеңілген жоқ: ширек финалда Бақытжан Мұхаддасты 6:0, 6:1 есебімен ұтса, жартылай финалда Әлішер Атабаевтан 6:1, 6:1 есебімен басым түсті.

Күміс жүлдегер Нұрислам Құрманиязов ширек финалда Эмир Кандакты 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Жартылай финалда ол екінші нөмірмен тіркелген Сұлтан Охапты тартысты үш сеттік кездесуде 6:3, 2:6, 10:7 есебімен ұтты.

Қола жүлдені Сұлтан Охап иеленді. Үшінші орын үшін өткен матчта ол Әлішер Атабаевты 6:0, 6:3 есебімен жеңді.

Жарыс Kazakhstan Tennis Tour ұлттық сериясы аясында өтіп, жас ойыншыларға турнирлік тәжірибе жинауға және рейтингтік ұпайлар үшін бақ сынауға мүмкіндік берді.


Біздің серіктес: Sport12kz