9 сағат бұрын
Александр Бублик камбэк жасап, Шанхайда 1/8 финалға шықты
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Шанхайда өтіп жатқан ATP 1000 турнирінің үшінші айналымында америкалық Брэндон Накасиманы жеңді.
Әлемдік рейтингте 22-орында тұрған Бублик 19-ракетка Накасимамен матчта алғашқы сетте тай-брейкте 7:9 есебімен жеңіліп қалды.
Алайда екінші партияда 6:3 есебімен басым түсіп, есепті теңестірді.
Шешуші сетте де жеңімпаз тай-брейкте анықталды. Бұл жолы отандасымыз 7:5 есебімен жеңіске жетті. Ойын2 сағат 27 минутқа созылды. Бублик матч барысында 22 эйс жасап, өз сервисін бірде-бір рет бермеді.
Осылайша Александр Бублик Шанхайдағы турнирдің 1/8 финалына жолдама алды. Келесі кезеңде ол әлемнің екінші ракеткасы, жарыстың бірінші нөмірлі теннисшісі Александр Зверевпен өзара мықтыны анықтайды.
Біздің серіктес: Sport12kz