Матч орталығы
Чемпиондар лигасы Футбол ЛАСК ЛАСК 3:6 Аяқталды Ливерпуль Ливерпуль Чемпиондар лигасы Футбол Фейеноорд Фейеноорд 3:2 Аяқталды Комо Комо Еуролига Баскетбол Эфес Эфес 93:101 Аяқталды Бавария Бавария Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 0:1 Аяқталды Саутгемптон Саутгемптон Чемпионшип Футбол КПР КПР 4:1 Аяқталды Дерби Дерби Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 3:2 Аяқталды Шеффилд Шеффилд Еуролига Баскетбол Париж Париж 94:96 Аяқталды Виртус Виртус Чемпиондар лигасы Футбол Бетис Бетис 3:2 Аяқталды Порту Порту Чемпиондар лигасы Футбол Рома Рома 3:4 Аяқталды Реал Мадрид Реал Мадрид Чемпионшип Футбол Линкольн Линкольн 0:6 Аяқталды Вест Хэм Вест Хэм Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 1:0 Аяқталды Боруссия Боруссия Чемпиондар лигасы Футбол Слован Слован 0:3 Аяқталды Штутгарт Штутгарт Чемпиондар лигасы Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 2:4 Аяқталды ПСЖ ПСЖ Чемпиондар лигасы Футбол Шахтер Шахтер 3:1 Аяқталды АЕК АЕК Чемпиондар лигасы Футбол Астон Вилла Астон Вилла 6:0 Аяқталды Фенербахче Фенербахче НХЛ Хоккей Колорадо Колорадо 05:30 Бүгін Даллас Даллас Челленджер Цзинань Теннис Александр Шевченко Александр Шевченко 09:00 Бүгін Яи Дилан Хара Френд Яи Дилан Хара Френд Конференциялар лигасы Футбол Эгнатия Эгнатия 21:45 Бүгін Мидтьюлланд Мидтьюлланд Конференциялар лигасы Футбол Панатинаикос Панатинаикос 21:45 Бүгін Борац Борац Конференциялар лигасы Футбол Хайдук Хайдук 21:45 Бүгін Аякс Аякс

3 күн бұрын

Елена Рыбакина рейтингтік 500 ұпайынан айырылады

Елена Рыбакина рейтингтік 500 ұпайынан айырылады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы Ухань турнирі өтетін аптада әлемдік рейтингтегі 500 ұпайынан айырылады, деп хабарлайды Sport12.

Бұл өткен жылғы Нинбодағы жеңісі үшін берілген ұпайлардың есептен шығарылуына байланысты.

Рыбакина аяқ жарақатына байланысты Уханьдағы жарысқа қатыспайды. Сондықтан ол рейтингтегі жоғалтқан ұпайларын осы турнирде толықтыра алмайды.

Tennis365 басылымының есебінше, ұпайлар есептен шығарылғаннан кейін қазақстандық теннисшінің Арина Соболенкодан басымдығы 2211 ұпайдан 1711 ұпайға дейін қысқарады. Беларусь өкілі бұл аптада ұпай жоғалтпайды. Егер Соболенко турнирде чемпион атанса, Рыбакинамен арадағы айырмашылықты 711 ұпайға дейін қысқартуы мүмкін.

Лейла Фернандес өткен жылғы Japan Open турниріндегі жеңісі үшін алған 250 ұпайынан, ал Белинда Бенчич Нинбодағы ширек финал үшін берілген 108 ұпайынан айырылады.

Мирра Андреева мен Элина Свитолинаның есебінде бұрынғы нәтижелерінің орнына 10 ұпайдан, ал Ига Швёнтек пен Линда Носковада бір ұпайдан есептеледі. Бірінші айналымды өткізіп алатындықтан, бұл төрт теннисші Ухань турнирінде кемінде 10 ұпай жинауға кепілдік алған.

Арина Соболенко, Джессика Пегула, Марта Костюк және Кори Гауфф бұл аптада рейтингтік ұпайларынан айырылмайды. Гауффтың өткен жылғы Ухань турниріндегі жеңісі үшін алған 1000 ұпайы рейтингтен бұған дейін есептен шығарылған.

Басылымның мәліметінше, 2025 жылы Ухань турнирі бір апта ертерек өткен. Сондықтан қазір WTA рейтингіндегі соңғы 52 аптаға тиесілі нәтижелер есептен шығарылып жатыр. Олардың қатарында Нинбо мен Жапонияда өткен жарыстардың нәтижелері бар.



Біздің серіктес: Sport12kz