2 күн бұрын
Алматыда World Tennis AGM Бас ассамблеясы аясындағы өңірлік конференциялар басталды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Алматыда World Tennis жыл сайынғы Бас ассамблеясы аясындағы өңірлік конференциялар басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Конференциялар бағдарламасы 11 қазанда ресми түрде ашылды. Делегаттарға World Tennis президенті Дэвид Хаггерти және Қазақстан теннис федерациясының президенті, World Tennis вице-президенті Болат Өтемұратов құттықтау сөз сөйледі.
Ассамблея іс-шаралары Орталық Азияда алғаш рет өтіп жатыр. Форум ұлттық федерациялардың басшыларын, халықаралық және құрлықтық теннис ұйымдарының өкілдерін, сала сарапшылары мен серіктестерін біріктіреді. Конференциялар бағдарламасы мен жалпы дауыс беруге 137 елден 262-ден астам делегат қатысады деп күтілуде.
Біздің серіктес: Sport12kz