2 күн бұрын
Александр Шевченко Қытайдағы турнирдің басты фаворитін жеңді
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Қытайдың Цзинань қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің екінші айналымына жолдама алды.
Әлемдік рейтингте 111-орында тұрған отандасымыз алғашқы кездесуінде сербиялық Миомир Кецмановичпен сынға түсті. Рейтингтің 61-сатысында тұрған сербиялық теннисші жарысқа бірінші нөмірлі ойыншы ретінде қатысқан еді.
Шевченко фавориттен 6:3, 6:4 есебімен басым түсті. Кездесу 1 сағат 4 минутқа созылды.
Матч барысында қазақстандық теннисші бес эйс жасадц. Сондай-ақ қарсыласының сервисінде үш геймді ұтып алды.
Бұл – Шевченко мен Кецманович арасындағы алғашқы ресми кездесу.
Екінші айналымда қазақстандық теннисші жапониялық Джей Дилан Хара Френдке қарсы ойнайбы. Ол әлемдік рейтингте 260-орында тұр.
Біздің серіктес: Sport12kz